Ақтауда «Sax Invest» қаржы пирамидасын құрған және оған басшылық еткен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот үкім кесті. Қылмыстық топтың 8 мүшесі 6-7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар инвестициялық қор ретінде жасырынып, азаматтарға бағалы қағаздарға, қаржы құралдарына және басқа да активтерге инвестиция салуды ұсынған. Сонымен қатар Африка елдеріндегі алмаз өндіру жөніндегі халықаралық жобаға қатысып жатқанын мәлімдеген. 2018-22 жылдар аралығында қылмыстық схемаға Астана, Ақтөбе, Орал және Ақтау қалаларынан мыңнан астам салымшы тартылып, 9 млрд теңгеден аса қаражат жиналған. Түскен қаржы ұйымдастырушылардың жеке шоттарына аударылып отырған.
Ернар Тайжан, ҚМА ресми өкілі:
— Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың сегіз мүшесін кінәлі деп танып, оларды 6 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Мемлекет кірісіне жеке тұрғын үй мен цифрлық автивтер тәркіленді. Сонымен қатар азаматтық талаптарды орындау мәселесі шешілгенге дейін сотталғандардың мүлкіне салынған тыйым сақталды. Оның ішінде екі автокөлік, екі пәтер және жер учаскесі бар. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.