СҚО-да алимент төлеуден жалтарған әке сотталды

Оның бауыр еті баласына еш көмек көрсетпегеніне бес жылдан асып кеткен. Сот шешімімен ол бір жылға бас бостандығынан айырылды. Жалпы бүгінгі күні өңірдегі жеке сот орындаушыларының өндірісінде 9 мыңнан астам іс бар. Ал ата-аналардың жалпы қарызы – 2,5 миллиард теңге. Жыл басынан бері алимент төлемеген жүзге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Рустам Саденов, облыс прокурорының аға көмекшісі:
— Сот орындаушысы борышкерге ресми түрде жұмысқа орналасып, алимент бойынша берешегін өз еркімен өтеу қажеттігін талай рет ескерткен. Алайда ол бұл талаптарды елемеді. Ресми түрде еңбек етпеген. Осылайша тапқан табысын жеке басының қажеттілігіне жұмсап отырған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал