Алдағы күндері күн күрт ысиды

Шілде айы аптап ыстығымен рекорд жаңартуда. Алдағы үш күнде Қазақстанға тағы бір ыстық циклон жылжып келеді дейді синоптиктер. Қазгидромет 16 өңірде дауылды ескерту жариялады. Кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр және бұршақ жауады. Шаңды дауыл соғады. Ал кей өңірде 44 градус ыстық болады. Мамандардың болжамынша, Иран аумағынан келетін құрғақ ауа массаларының әсерінен еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз, аптап ыстық сақталады.
Ақнұр Айтбаева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:
— Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерін қоспағанда, елдің басым бөлігінде ауа температурасы одан әрі біртіндеп көтеріледі. Батыс, солтүстік-батыс және солтүстікте қатты ыстықтан кейін 01 тамызда ауа температурасы күндіз 25-35 жылыға дейін төмендесе, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста термометрлердің бағаналары 33-41 градус, оңтүстікте 35-44 градусқа жетеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал