Алматы 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындықты жалғастыруда. Жуырда қаланы Азия Олимпиада кеңесінің өкілдері испекциядан өткізді. Олар Халық арена, Алматы арена, Медей биік таулы спорт кешені, Шымбұлақ тау курорты, Сұңқар шаңғы трамплиндері кешені және Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы сияқты ірі спорт нысандарын аралады. Делегация қолданыстағы спорттық инфрақұрылым мен алдағы Азия ойындарына дайындық деңгейіне оң баға берді. Кездесу барысында дайындықтың келесі кезеңдері, жарыстарды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар және алдағы өзара іс-қимыл бағыттары талқыланды.
Дана Қасенова, спорт басқармасының өкілі:
— Азиада олимпиада кенесінің мүшелері Алматы қаласының 2029 жылы 10-шы қысқы Азия ойындарын дайындау және обьектілерді аралау бойынша мүшелері келді. Біздің барлық объектілерді қарады. Олар оң бағасын берді. Негізі Алматы қаласында болатын Азия ойындары ең керемет болады деген ойда болып кетті.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.