«БОЛАШАҚ ОЙЫНДАРЫ — 2026»
Елордада «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанаты өтті. Әлемдік сайысты бірнеше Мемлекет басшысы тамашалады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Айта кетейік, бұл шара 9 тамызға дейін жалғасады. Дүбірлі додада 34 елден 800 спортшы бақ сынайды.
9 МЛРД ТЕҢГЕ
Ақтауда «Sax Invest» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 7 жылға сотталды. 2018-22 жылдар аралығында қылмыстық схемаға Астана, Ақтөбе, Орал және Ақтау қалаларынан мыңнан астам салымшы тартылған. Алаяқтар олардан бас аяғы 9 млрд-тан астам теңге жинап алған.
КЕШІРІМ СҰРАДЫ
Әйел адамның басына мұз лақтырған 12 жасар қыз бала болып шықты. Полиция Павлодар қаласында болған оқиға ізімен тергеу жүргізіп, баланың ата-анасына айыппұл салды. Бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған отбасы кешірім сұрап, ендігәрі мұндай жағдай қайталанбайтынын айтты.
ЖАУАПСЫЗ ӘКЕ
Туған баласына 1,5 млн теңге берешек болып қалған әке сотталды. Бес жыл бойы алимент төлеуден жалтарып жүрген Петропавл тұрғыны бір жылға бас бостандығынан айырылды. Жалпы өңірде алимент төлемей жүрген әкелердің қарызы – 2,5 млрд теңгеге жеткен.
КҮН ЫСИДЫ
Қазгидррмет 16 өңірде дауылды ескерту жариялады. Елдің солтүстігінде күн күркіреп, жаңбыр және бұршақ жауады. Қатты жел тұрып, шаңды дауыл соғады. Ал оңстүік және батыс аймақтарда аптап ыстық апшыны қуырады. Синоптиктердің болжауынша, бұл өңірлерде күн 41 градусқа дейін ысиды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.