Жол ережесі ойын емес. Астанада әлеуметтік желіні шулатқан танымал блогер әрі спортшы Айтым Жақыпов жол ережесін қатаң бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Mercedes-Benz көлігін тізгіндеген ол жол жиегімен зымыраған, белгіні елемеген, Бұрылу сигналын қоспаған. Өзге жүргізушілерге қауіп төндірген. Тіпті қарсы бағытқа шығып кеткен. Қырағы әлеуметтік желі қолданушылары мемлекеттік нөмір арқылы заңбұзушының кім екенін бірден танып қойды. Көп ұзамай блогер кінәсін мойындап, көпшілік алдында ақталды. Полицейлер айыппұл орнына 200 берпи, яғни, физикалық қиын жаттығуды 200 мәрте жасатты.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.