Ақтөбеде дропперлердің көмегімен 120 млн теңге жымқырған топ ұсталды

120 млн теңге 150 дроппер арқылы заңдастырылған. Ақтөбеде біреудің банк картасын пайдалап, ұрланған ақшаны қабылдап, айырбастаған пысықай топ ұсталды. Киберқылмыстан зардап шеккендер әлі хабарласып жатыр. Еліміздің 16 өңірінен 80 адам зардап шекті. Олар банк қосымшасы мен криптоәмиян орнатылған ұялы телефон арқылы дропперлердің есепшотын қашықтан басқарып, қаржылық операцияларды олардың қатысуынсыз жүргізген. Осылайша, ақша транзиттік банк шоттарына түсіп, кейін дроппер картасына аударылған. Одан әрі цифрлық активке айырбасталған.
Ернар Тайжан, ҚМА ресми өкілі:
— Қылмыстық топтың 8 мүшесі қамауға алынды. Тағы екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне, оның ішінде 8 пәтерге, бір автокөлікке және 52 мың USDT көлеміндегі цифрлық активтерге тыйым салынды. Тергеп-тексеру жалғасуда.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал