Бұқтырмадағы жол құрылсына тағы 10 млрд теңге қажет

Он жыл салынған жолға тағы 10 миллиард теңге керек. Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасына апаратын жолдың құрылысы сағызша созылды. Стратегиялық нысан қашан аяқталады?
Құрылыс мердігері қайта-қайта ауысқан. Биік таудағы көпірді салған инженерлер топырақтың ерекшелігін ескермей, өткелдің негізгі тіректерін орнатқанда қиындыққа тап болған. Қазір бұл кемшілік түзетіліп, болашақ көпірдің сегіз тірегі орнатылды. Құны 20 миллиардқа бағаланған құрылысты толық аяқтау үшін бюджеттен тағы 10 миллиард теңге қажет. Қазір жүргізушілер қауіпті тау қиылыстарымен жүруге мәжбүр. Ал жаңа жол салынса, Алтай, Үлкен Нарын және Катонқарағай аудандарына тікелей әрі қауіпсіз қатынай алады.
Нұрбек Тұраров, мердігер компания өкілі:
— 9,9 миллиард келісім шарт құны болса, бізге жыл басынан жұмыс бастауға 900 миллион теңге бөлінген. Бүгінгі таңда бұл қаражат толығымен игерілді. Бірақ ары қарай қаржыландыру мәселесі бүгінгі таңда шешімін тапқан жоқ. Жалпы негізі бұл нысан ШҚО-да стратегиялық маңызы өте зор.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал