«Сайлау–2026»: цифрлық платформаларға жаңа талап қойылды

Қазақстанда жұмыс істейтін TikTok, YouTube және басқа да цифрлық платформа ұлттық заңнама талабын, соның ішінде жасанды интеллектпен жасалатын контентті таратуға қатысты норманы сақтауға міндетті. Бұл жайлы сарапшылар Құрылтай сайлауы қарсаңында ұйымдастырылған «САЙЛАУ – 2026: медиа және цифрлық платформалар» атты сараптамалық алаңда айтты. Кездесуде сарапшылар сайлаушылардың қазіргі таңдағы саяси ұстанымы мен дауыс беру үрдісіндегі өзгерісті, цифрлық дәуірдегі саяси коммуникацияның трансформациясын, сондай-ақ қоғамның саяси партияларға қоятын талабын талқылады. Стратегиялық зерттеулер институты алаңында сайлауалды науқандағы жасанды интеллектінің рөлі, цифрлық технологияның ықпалы және фейкпен күрес жайлы пікірлерін ортаға салды.
Жандос Шаймарданов, ҚСЗИ директоры:
— Жасанды интеллект, сіздер білесіздер, шілде айынан бастап біздің елімізде Цифрлық кодекс күшіне енді. Енді әр контент, әр өнім дейміз ғой, жасанды интеллектімен пайда болған кезде ол маркировкамен өту керек. Яғни, мысалы бір ролик жасалған болса, ол роликте арнайы жазба болу керек. Бұл ЖИ құралдарымен жасалған өнім деген. Сол кезде ғана біз бұны ресми түрде қолдана аламыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал