«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығу жолында күресін жалғастырып жатыр. Екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында команда Кипрдің «Омониясын» жеңіп, пенальти сериясында келесі кезеңге жолдама алды. Құрамдағы бірқатар ойыншының болмауы мен тығыз ойын кестесіне қарамастан, команда мінез танытып, ойын тактикасын сәтті өзгерте білді. Жанкүйерлердің қолдауы мен ұжымдық ойынның арқасында маңызды нәтижеге қол жеткізді. Бұл жеңістің маңызы тек «Қайрат» үшін ғана емес, жалпы Қазақстан футболы үшін де зор. Клуб енді кем дегенде еурокубоктардың үшеуінің бірінің негізгі кезеңіне қатысуын қамтамасыз етті.
Альберт Ахметов, спорт шолушысы:
— Бұл – Қазақстан футболы үшін үлкен жеңіс. Өйткені команда еуропалық клубтық турнирлерде неғұрлым көп матч өткізсе, Қазақстанның УЕФА коэффициент кестесіндегі рейтингі соғұрлым жоғарылайды. Тиісінше, ұпай көбейген сайын болашақта қазақстандық клубтардың еуропалық турнирлерде өнер көрсету мүмкіндігі де арта түседі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал