ТҮЛКІБАСТАҒЫ ҚАНДЫ ҚЫЛМЫС
Түлкібас ауданындағы сұмдық. Түркістан облысындағы көпбалалы әкені топтасып өлтіргендердің біреуі ғана ұсталды. 32 жастағы ер адамды аяусыз соққыға жығып, бауыздап өлтірген. Полиция не дейді?
150 ДРОППЕР
120 млн теңге 150 дроппер арқылы заңдастырылған. Ақтөбеде біреудің банк картасын пайдалап, ұрланған ақшаны қабылдап, айырбастаған пысықай топ ұсталды. Киберқылмыстан зардап шеккендер әлі хабарласып жатыр.
ТАҒЫ ДА АҚША КЕРЕК!
Он жыл салынған жолға тағы 10 миллиард теңге керек. Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасына апаратын жолдың құрылысы сағызша созылды. Стратегиялық нысан қашан аяқталады?
ЕЖЕЛГІ КЕНШІНІҢ ІЗІ
Қола дәуіріне тиесілі кетпен, келсап, тас балта табылды. Павлодар маңындағы құм карьерінен шыққан саймандар ғалымдарды таңқалдырды. Ежелгі кенші жерленген көне қорымда тағы не жасырылған?
«ҚАЙРАТТЫҢ» ҚАРЫМЫ
Тарихи жетістік. «Қайрат» қатарынан екінші жыл еурокубоктың негізгі кезеңінде ойнайды. Алматылық футбол командасы халықаралық аренадағы жанкүйерлерін қуантып, турнирдің келесі сатысында бақ сынамақ.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.