Петропавлда мектеп оқушысынан туберкулездің ашық түрі анықталды

Петропавлдағы нөмірі 17-ші ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің 16 жастағы тәрбиеленушісі шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Қазір ол дәрігерлердің жіті бақылауында. Енді білім ұясында дезинфекция жұмыстары басталады. Мұнымен қоса, мектеп ұжымы мен екі мыңға жуық оқушы жаппай медициналық тексерістен өтуге міндеттелді. Науқастың қашан қауіпті індетке шалдыққаны және нақты кімдермен байланыста болғаны әзір белгісіз. Алғашында ол пневманияға шалдығып, ем қабылдаған. Артынша компьютерлік томографиядан өткен соң, туберкулез дерті расталды.
Данияр Оспанов, СЭБ басқармасының басшысы:
— Қаулыға сәйкес, науқаспен байланыста болған азаматтар флюорографиялық тексерістен өтуге шақырылады. Одан кейін белгіленген санитариялық талаптарға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Яғни 2-11 сынып оқушылары, мұғалімдер, медицина қызметкерлері міндетті түрде қаралуы керек. Себебі бұл туберкулездің аса қауіпті формасы.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал