Павлодар әуежайы жаңартылып жатыр

Енді көршілес Ресей қалаларынан шыққан жолаушылар Павлодар арқылы Ташкентке еш кедергісіз жетпек. Ұшу-қону жолағы қайтарылған актив есебінен жөнделеді. Асфальт-бетон жабындысы төселіп, заманауи жарық-сигнал беру жүйесі орнатылып жатыр. Жұмыстың шамамен 80 пайызы аяқталған. Омбы – Павлодар – Ташкент және Новосібір – Павлодар – Ташкент екі халықаралық транзиттік әуе бағыты ашылады.
Фархат Оспанов, ЖКАЖ басқарма басшысының орынбасары:
— Қазір ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жүргізіліп жатыр. Жолақтың ені 45 метрден 60 метрге дейін кеңейтіледі. Бұл жобаға бөлінген 16 жарым млрд теңгенің 9 млрд 300 миллион теңгесі қайтарылған активтер есебінен. Жұмыс 10 тамызға дейін аяқталуы тиіс. Ұшу-қону жолағы сертификатталады. Содан соң тұрақты әуе рейсі қайта жанданады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал