Құтқарушылар ата-аналарға сақтық шараларын түсіндірді

 

Астанада құтқарушылар көпбалалы отбасылардың пәтеріне барып, терезесіне құлып салып, қауіпсіздік ережесін түсіндіріп жүр. Ата-аналар білсе де мән бере бермейтін әдетті көрсетті. Жаз мезгілінде көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен балалардың құлау оқиғасы көбейеді. Мамандардың айтуынша, қайғылы жағдайдың басым бөлігі ата-ананың баланы қараусыз қалдыруынан болады. Осындай оқиғалардың алдын алу үшін Астанада «Қауіпсіз терезе» профилактикалық акциясы өтті.
Өміржан Тұқышев, ТЖД бастығының міндетін атқарушы:
— Балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Оған қатаң тыйым салынады. Біз оны ата-аналарға айтамыз. Блокираторларды орнату керек терезеге және терезенің қасында жиһаздарды алып тастау керек.
Акция аясында құтқарушылар көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, қауіпсіздік талаптарын түсіндірді. Мамандардың сөзінше, масаға қарсы торлар баланың салмағын көтеруге арналмаған. Сондықтан оған сүйенген бүлдіршін төмен құлап кетуі мүмкін. Сондай-ақ құтқарушылар көпбалалы отбасылардың пәтерлеріндегі терезелерге арнайы қауіпсіздік құлыптарын тегін орнатты.
Жайдар Біләлов, Сарыарқа ауданы ТЖБ аға инженері:
— Блокиатордың екі ғана кілті болады. Ол әрдәйім ата ананың қолында болу керек. Үйді желдету мақсатында терезені ашатын болса осы кілт арқылы терезені толық ашып, баланы қарап жүрген кезде ашып қоюға болады. Үйдің шаруаларымен жүрген кезде кілтпен құлыптап қойып баланың әрі қарай шығып кетуіне немесе құлап кетуіне, оқиғаның алдын алу мақсатында қойылған.
Құтқарушылардың айтуынша, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қайғылы жағдайдың алдын алады.
Инара Барсақбаева, Жәми Бейсенов
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал