Қарағандыда «Таза Қазақстан» науқаны аясында полиция қызметкерлері рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс төгетін ауыр жүк көлігі жүргізушілеріне қатысты бақылауды күшейтті. Облыс орталығында бір күн ішінде үш жүргізуші анықталып, жауапқа тартылды. Олар бос жатқан жер учаскесіне тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын заңсыз тастаған. Құқық қорғау органдары тиісті хаттама толтырды. Енді экологтар қоршаған ортаға келтірілген залалдың мөлшерін есептейді. Содан кейін нақты айыппұл көлемі белгілі болады. Ереже бұзған жүк көліктері айып тұрағына қойылды.
Жансая Жүнісова, ПД АСБ бастығының міндетін атқарушы:
— Қарағанды облысының полициясы «Таза Қазақстан» бағдарламасымен жұмыстарды жүйелі жалғастырып келеді. Заңсыз қоқыс орындарының пайда болуына жол бермеу, қалдықты рұқсатсыз төгу дерегінің алдын алу құқық қорғау органының басты бағыты. Негізгі мақсат – өнірдің табиғи байлығын сақтап, келер ұрпаққа таза жеткізу.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.