Семейде өткен «Sarap» сарапшылар клубының отырысында өңірлердің сайлаудағы рөлі мен тұрғындардың саяси белсенділігі сөз болды. Партиялық тізімдегі 546 үміткердің 20-сы – Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының өкілі. Олар білім, денсаулық сақтау, бизнес және атом өнеркәсібі сияқты түрлі салаларды қамтиды. Зерттеу нәтижесі бойынша қазақстандықтардың 70 пайызы сайлауға қатысуға дайын. Жастардың 17 пайызы әлі де құқықтық сауаттылығын арттыру керектігін айтты. Сарапшылар мұндай кездесулер азаматтардың, әсіресе жастардың сайлау мәдениетін қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті.
Риззат Тасым, ҚҚДИ реформа орталығының директоры:
— Енді біздің мақсатымыз – жергілікті сарапшылық-академиялық қауыммен және де зерттеу институттарының бұған дейін жүргізілген зерттеулерінің нәтижесінде қандай ерекшеліктер бар, қандай әлеуметтік мәселелер маңызға ие, әсіресе жастардың сайлауға қатысу мәселелерін тоқталмақпыз. Мысалға, қазақстандық қоғамдық даму институтының жүргізген әлеуметтік зерттеуіне қарасақ, бүгінгі таңда 70% жуық сайлаушы алдағы уақыттағы сайлауға қатысамыз деп мәлімдеген.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.