Айшылық алыс жерлерден, көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызды, деп жырлап кеткен Ыбырай Алтынсариннің айтқаны қазір айдай келді емес пе? Сымсыз телефондарды қойып, енді сәлемдемеңізді әп сәтте дрон жеткізетін болады. Яғни, ұшқышсыз ұшу аппараты. Астанада жаңа ғана жаңа технологияның жетістігі — жерден басқарылатын шағын ғана аппараттың тұсауы кесілді. Мамандардың айтуынша, бұл инновациялық тәсіл уақытты үнемдеп қана қоймай, тасымалдау шығындарын айтарлықтай қысқартады.
Дастан Зайнолда, Alatau advanced air group компаниясының өкілі:
— Бұл қашықтағы елді мекендерге немесе жол кептелісі көп ірі қалаларға қажетті тауарлар мен поштаны жылдам, әрі тиімді жеткізуге мүмкіндік береді. Пилоттық жобаның ең маңызды бөлігі-ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жүк жеткізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Яғни, ықтимал тәуекелдерді басқарудың бекітілген кешенді жоспары бар.
Айзат Тұрғынбекқызы, тілші:
— Пошта қызметін атқара алатын дронның жүк көтергіштігі 2 жарым келіге дейін. Әзірге пилоттық жоба болғандықтан сәлемдемелер арнайы қорапшада және төгілмейтін зат болу керек. ЖИ камералы, автоматты түрде зарядталатын және жүк тиейтін екі базалық станциялары бар. Астанада дрондар тамыздың 9-на дейін қызмет көрсетеді. Жаңа заманауи технологияның жемісін көруге асығыңыздар.
Айзат Тұрғынбекқызы, Джами Бейсенов
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.