Көжені Наурызда ғана ішпейсіз. Енді бұл ұлттық сусын күн сайынғы ас мәзіріңізде тұрады. Павлодар педагогикалық университетінің ғалымдары дәстүрлі Наурыз көжені күнделікті тұтынуға ыңғайлап, түбегейлі жаңартты. Олар заманауи ферментация технологиясын қолданып, шай саңырауқұлағының микрофлорасы мен пайдалы фито компоненттерді ұлттық рецептпен ұштастырды. Бұл инновациялық әдістің арқасында наурыз көже пайдалы қасиеттерін толық сақтайды. Тоңазытқышта немесе сөреде бұзылмай, ұзақ уақыт сақталады. Жоба Ғылым қорының байқауында жеңіске жетіп, оны өнеркәсіптік деңгейде шығару үшін 365 миллион теңге грант иеленді.
Бибігүл Жұмабекова, биология ғылымдарының докторы:
— Бұл жоба – шай саңырауқұлағын өндіру технологиясы мен наурыз көже дайындау дәстүрі сияқты екі көне технологияны біріктіруге берілген мүмкіндік. Жобаның негізгі мақсаты – өндірістік жағдайда шығаруға арналған технологияны әзірлеу.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.