Нұрай Серікбайдың өлімі: адвокаттың бірі Шерхан Аймаханды қорғаудан бас тартты | 31.07.2026

АУРУ ОШАҒЫ – МЕКТЕП
Петропавлдағы 16 жастағы жасөспірімнен туберкулездің ашық түрі анықталды. Эпедемиологтар мектептегі 1200-ден астам оқушы мен мұғалімнің арнайы тексерістен өтуін талап етті

ТЕРГЕУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Астанада жұмыс орнында басына кондиционер құлап мерт болған фельдшердің ісі немен аяқталды? Марқұмның күйеуі 20 миллион теңге өтемақы алғанымен, қыздың ата-анасы бұл шешіммен келіспей отыр. Неге?

КҮТПЕГЕН МӘЛІМЕТ
Аяусыз пышақтағанын өз көзіммен көрдім. Нұрай ісіне қатысты сөз сөйлеген куәгердің бірі жаға ұстатарлық ақпаратты жеткізді. Шымкентте өтіп жатқан сотта тағы не белгілі болды?

ӘУЕЖАЙ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Павлодар әуежайы жаңартылып жатыр. Енді көршілес Ресей қалаларынан шыққан жолаушылар Павлодар арқылы Ташкентке еш кедергісіз жетпек. Ұшу-қону жолағы қайтарылған актив есебінен жөнделген.

КӨЖЕ ЖАҢА ФОРМАТТА
Көжені Наурызда ғана ішпейсіз. Енді бұл қасиетті әрі дәмді сусын күн сайынғы ас мәзіріңізде тұрады. Павлодар ғалымдары ұлттық сусынды күнделікті тұтынуға ыңғайлап, түбегейлі жаңартты.
———————————————