Ақтөбеде 12 жасар қыз баланы қаққан мопед жүргізушісі қашып кеткен

Ақтөбеде 12 жасар қыз баланы қаққан мопед жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Ал жасөспірім ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Дәрігерлер оған дереу операция жасап, жағдайын қалыпқа келтірді. Анасының айтуынша, жол апаты болар кезде қыз бала үйінің маңында велосипед теуіп жүрген. Сол сәтте оны электровелосипед мінген ер адам қағып кеткен. Зардап шеккен қызға алғашқы көмекті кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Полицейлер бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің жеке басын көп ұзамай анықтады. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.
СВЕТЛАНА АНТОМОНОВА, ЗАРДАП ШЕККЕН ҚЫЗДЫҢ АНАСЫ:
— Қызым не болғанын да түсінбей қалыпты. Айтуынша, әлгі адам өте жоғары жылдамдықпен келген. «Зу етіп өте шықты, ештеңені байқап үлгермедім. Қатты ауырды, шошып кеттім», – дейді.

ӘЛИЯ ШАРБАКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДСБ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Жақ-бет хирургінің тексеруінен кейін бірден шұғыл түрде ауруханаға жатқызылып, ота жасалды. Қазіргі уақытта бала барлық клиникалық хаттамаға сәйкес толық көлемде ем қабылдап жатыр. Жағдайында оң динамика байқалады, бет аумағындағы ісіктер қайтып, жаралары қалыпты жазылып келеді. Науқасты 3 тамызда амбулаторлық бақылауға шығару жоспарланып жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал