Ақтөбе облысында 100 бас жылқы ұрлады деген айыппен 7 жылға сотталған 60 жастағы қария түрмеден босап шықты. Аппеляциялық сотта оның мәселесі қайта қаралды. Биыл мамырда Мұғалжар аудандық соты оны 7 жылға бас бостандығынан айырып, жәбірленуші тараптың 30 миллион теңге көлеміндегі азаматтық талабын да қанағаттандырған. Алайда сотталушының қорғаушылары бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Нәтижесінде, айыптау бабы өзгертіліп, іс қайта сараланды. Оның нәтежесі бойынша Рахат Сәрсенов 100 емес, небәрі бір жылқының құны көлемінде ғана материалдық шығын келтіргені белгілі болды. Осылайша инсульт алған қарт жылқышы рақымшылыққа ілініп, сот залынан босатылды. 30 жылдан астам өзгенің малын бағып келген азамат бостандыққа шыққан сәтте көз жасына ерік берді. Бұл көрініс көпшіліктің жүрегін елжіретіп, қызу талқыланды. Қазір желі қолданушылары оның бұрынғы жұмыс берушісін жауапқа тартуды талап етіп, Рахат Сәрсеновке көмек көрсету үшін қаржы жинап жатыр. Біздің арнаның түсірілім тобы ауыл тұрғынымен байланысқа шыға алмады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.