Алматы облысында жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасауға әрекеттенген күдіктілер ұсталды. Оқиға Талғар ауданында болған. Қарақшылар касса қызметкерінен барлық ақшаны беруді талап еткен. Бейнебақылау камераларына олардың қолдарында қаруға ұқсас зат болғаны түсіп қалған. Алайда кассир сабыр сақтап, олардың талабын тыңдаған. Осы сәтте күдіктілер бұрышта отырған күзетшіні байқап, сасқанынан дереу қашып кеткен. Алайда көп ұзамай екі жігіт ұсталып, қамауға алынды. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
АРНАТ СУЛЕЙМАНОВ, ПД ЖБО БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қылмыс туралы хабарлама түскен бойда Жедел басқару орталығының қызметкерлері күдіктілердің ықтимал қозғалыс бағыты бойынша орнатылған бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеуге дереу кірісті. ЖБО операторлары мен полицияның жедел бөлімшелерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде қысқа мерзім ішінде қарақшылық шабуылға қатысы бар екі адамның да жеке басы анықталды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.