Қырымда жағдай қиындады. Дрон шабуылдары күшейіп, оның салдары халықтың күнделікті тұрмысына әсер етуде. Өңірде жанармай тапшылығы туындағандықтан, жергілікті билік бензин сатуға уақытша шектеу енгізген. Кей өңірлерде электр жарығы мен көгілдір отын жоқ. Ұялы байланыс та нашарлаған. Ресейдің «РТР» арнасының мәліметінше, қазір зақымданған электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Негізгі энергетикалық инфрақұрылым нысандарының қорғанысы күшейтілген. Ал Ялтада әуеден төнген шабуылдан сескенген халық үйлердің жертөлесінде бас сауғалауға мәжбүр. Айта кетелік, Омбыда өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесіне қатысты өз ұстанымын жеткізген еді.
ЖАНАТ МОМЫНҚҰЛОВ, САЯСАТТАНУШЫ:
— Мәлімдеменің астарында үлкен мән болды. Қазақстан Батысқа, Халықаралық қауымдастыққа тәуелсіз сыртқы саясат жүргізетінін көрсеткісі келді. Ресеймен маңызды серіктес бола отырып, барлық шешімін, әсіресе соғыс мәселесін қолдамайтынын көрсетті. Қ. Тоқаев Қазақстанның ұлттық мүддесін, бейбіт келіссөздерді қолдайтынын, көпвекторлық сыртқы саясатын жария түрде әлемге паш етіп көрсетті.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.