Бейнеу аудандық орталық ауруханасы күрделі жөндеуден өтіп жатыр

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында Бейнеу аудандық орталық ауруханасы күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Нысан қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылды. Жобаға 3,5 миллиардтан астам теңге бөлінді. Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттен 422,7 миллион теңге қарастырылған. Құрылыс жұмысы былтыр наурызда басталды. Бұл аурухана осыдан 42 жыл бұрын салынған. Содан бері жөндеу көрмеген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал