Санкт-Петербургте Байқоңыр ғарыш айлағы туралы фотокөрме ашылды

Санкт-Петербургте Байқоңыр ғарыш айлағы туралы фотокөрме ашылды. Бұл шара үшінші «Қазақстан – Ресей» медиафорумы аясында ұйымдастырылып отыр. Форумға екі елдің медиаменеджерлері мен БАҚ басшылары қатысып жатыр. Ал көрмеге қазақстандық және ресейлік фотографтардың ғарыш жайлы суреттері қойылды. Бұл – Қазақстан Президенті телерадио кешені мен Итар тас агенттігінің бірлескен жобасы. Байқоңырдың тарихынан сыр шертетін көрмеде осы екі медиа ресурстың ерекше суреттері паш етілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал