Сайлауалды тартыс телеэкранға көшіп жатыр. «Жетінші арна» эфирінде 5 тамызда Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партия ашық пікірталасқа түседі.
«Қазмедиа» орталығының киноконцерт залында қызу жұмыс. Техникалық топ 5 тамызда «Жетінші арнада» өтетін теледебатқа әзірленіп жатыр.
ГҮЛВИРА СЕЙТЕН, ТІЛШІ:
— Бұл – АСБ, бұл жерден режиссерлер дебатты тікелей эфирге шығарады. Қазір мамандар техниканы сүртіп, тексеріп, дайындап жатыр. Айтыңызшы, әзірлік қалай?
САНЖАР ҚАХАНОВ, АСБ ИНЖЕНЕРІ:
— Дайындығымыз жақсы. Біз іс-шараның алдында әр құрылғыны жеке тексеріп, пысықтау жұмыстарын атқарамыз. Бүгін де сол жұмыстармен айналысып жатырмыз.
ГҮЛВИРА СЕЙТЕН, ТІЛШІ:
— Тамыздың бесінде дәл осы сахнада өтетін теледебат төрт раундтан тұрады. Жеті саяси партияның өкілі Қазақстандағы білім тақырыбына пікір таластырады. Сол бойда тікелей эфирде онлайн сауалнама өтеді. Көрермен ұстанымы ұнаған партияға дауыс бере алады.
Онлайн сауалнаманы «Жетінші арнаның» тапсырысы бойынша Орталық сайлау комиссиясында тіркелген Қазақстан қоғамдық даму институты өткізеді. Оның қорытындысы дебат соңында жарияланады.
АЗАМАТ БАЙҒАЛИЕВ, ҚҚДИ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Сайлау кезінде партиялар бір-бірімен бәсекеге түседі. Қазір олардың көбі тек уәде беріп қоймай, нақты ұсыныстар мен шешімдер ұсынуға тырысады. Сондықтан теледебаттың маңызы зор. Себебі сайлаушылар әр партияның қандай бағдарлама ұсынып отырғанын, елдегі маңызды мәселелерді қалай шешпек екенін осы пікірталас арқылы көріп, бағалай алады.
Пікірсайысты «Жетінші арнаның» тележүргізушілері жүргізеді. Көрермен де пікірталасқа белсенді қатыса алады.
ОКСАНА ПЕТЕРС, «ЖЕТІНШІ АРНА» ЖҮРГІЗУШІСІ:
— Біздің формат интерактивті түрде өтеді. Әрбір көрермен өзінің сұрағын қоя алады, пікірін білдіре алады. «Еліміздің білім жүйесінде не өзгертер едіңіз?» деген ең басты сауал болады. Қазір бәріміздің дайындығымыз қызу. Кішкене қобалжу бар. Тікелей эфирде «Жетінші арнада» көріскенше дегім келеді.
ҚАСЫМХАН АЛДАШЕВ, ТЕЛЕДЕБАТ ШЕФ-РЕДАКТОРЫ:
— Дайындық қызу. Көрерменді тек әдемі картинамен емес, ішкі мазмұнымен де қызықтырайын деп жатырмыз.
Бесінші тамыз, сәрсенбі, сағат 20:26-да «Жетінші арна» қосулы болсын!
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.