Елордада Қазақстан мен Кореяны жақындастырған K-Marathon өтті

Астанада бір мыңнан астам адамды біріктірген K-Marathon өтті. Жарыс биыл қыркүйекте Сеулде өтетін алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті қарсаңында ұйымдастырылды. Оған кәсіби спортшылармен қатар, әуесқой желаяқтар, жастар мен аға буын өкілдері де қатысты. Қатысушылар 6 шақырым қашықтықты бағындырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, K-Marathon спортты дәріптеп қана қоймай, Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени және ынтымақтастық байланысты жаңа деңгейге көтеріп, спорт дипломатиясының жарқын символына айналмақ.
ЧЖОН КИХОН, КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:
— Бүгінгі K-Marathon дәл осы саммит қарсаңында ұйымдастырылды. Осындай спорттық шаралар салуатты өмір салтын ұстануға ынталандырып қана қоймай, Қазақстан мен Корея арасындағы достықты одан әрі нығайта түседі деп сенемін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал