МӘМС: 140 мың адамға жалған медициналық қызмет көрсетілген | 03.08.2026

МОПЕД ҚАҚТЫ
Ақтөбеде жаяу жүру қауіпті болып барады. Жаяу жүргіншілер жолында 12 жасар қыз баланы мопед қағып кетті. Ауыр жарақат алған зардап шегуші ауруханаға түсті. Жергілікті полиция қыз баланы қаққан ер адамды ұстады. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалды.

АР-ҰЖДАН ІСІ
Иесі 33 жыл малын баққан жылқышыны «100 бас ірі қара ұрлады» деп жала жауып, 7 жылға соттатып жіберген. Мойнына 30 млн теңге ілген. Алайда ақсақал аппелляциялық сотта ақталып шықты. Осыдан кейін алпыс жасында ар-ұжданына дақ түскен бақташы сары уайымға салынып, денсаулығы сыр берген.

ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛ
Жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды. Алматы облысында болған тонау оқиғасы бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Полиция сондағы бейнежазба көмегімен ұрылардың ізіне түсіп, дереу тұтқынға алды. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр.

ЖАЛҒАН ТІРКЕУ
Мемлекетке келтірілген шығын 3,5 млрд теңгеден асады. Елде 140 мың азаматты медициналық ұйымдарға жалған тіркеу дерегі әшкереленді. Заңбұзушылық бойынша 36 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы қымқырудың барлық схемасын жария етті.

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ОЛИМПИАДАСЫ
Астанада жасанды интеллект бойынша ІІІ халықаралық олимпиада басталды. Білім сайысына 108 мемлекеттен жас өрен қатысады. Ел болашағы – жас буынның жігерін жану үшін шараға Мемлекет басшысы арнайы барып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
———————————————