Ақтауда Каспий теңізі жағалауында болған жанжалға қатысты сот шешімі шықты. Агрессивті әрекет көрсеткен ер адам 30 тәулікке қамауға алынды. Ол қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға балағат сөз айтып, бойжеткенді қорқытқан. Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Сондықтан ер адамға бірнеше бап бойынша әкімшілік материал толтырылды. Жанжал кезінде бұзақы басқа азаматқа дене жарақатын салуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
ӘЙГЕРІМ ИБАТУЛЛАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар барлық азаматты анықтады. Олар Ақтау қаласының Полиция басқармасына жеткізілді. Қазір уақытша қамау абақтысында отыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Болған мән-жәй бойынша әлі де тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.