Биыл Ақмола облысында 12 бала терезеден құлап кеткен. Олардың біреуі көз жұмды. Қауіп-қатердің алдын алу мақсатында өңірде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Төтенше жағдайлар департаменті, әкімдік, полиция, денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері бірлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінге дейін 30 мыңға жуық тұрғын сақтық жайлы құлағдар етілді. Көпбалалы отбасылар тұратын пәтер терезесіне арнайы бекітшкітер тегін орнатылуда. Ал жаңа Құрылыс кодексіне сәйкес, енді пайдалануға берілетін көпқабатты тұрғын үйлердің терезелері міндетті түрде арнайы қорғаныс құралдарымен жабдықталуы тиіс. Бұл да – сақтық шарасы.
АЙДЫН ЖЕҢІС, МСҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
— Құрылыс нормаларына сәйкес, мердігерлер терезелерді арнайы қорғаныс құралдарымен жабдықтауға міндеттеледі. Тұрғын үй кешендері пайдалануға қабылданар алдында осы талаптардың толық сақталуына ерекше назар аударылады.
АСҚАР ҚҰШҚЫМБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Біздің тұрғын үй кешеніне балаларға арналған терезе бекіткіштер орнатылды. Үйімізде 158 пәтер бар. Соның ішінде көпбалалы отбасылар тұратын баспаналарға бұл құрылғылар тегін қойылды. Бұл балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған өте маңызды шара деп ойлаймын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.