Ел бойынша 70 вокзал қайта жөнделді

Жаз шыққалы ел бойынша 70 вокзал қайта жөнделіп, пайдалануға берілді. Көлік министрлігінің өкілдері осылай мәлімдледі. Жалпы, ел аумағында 124 теміржол вокзалы жаңартылып жатыр. Мысалы Ақмола облысында – 12, ал Қарағанды облысында 11 вокзал жаңғыртылды. Бұл – әзірге жөндеу бойынша көш бастап тұрған өңірлер. Жөндеу жұмыстары нысандардың қазіргі жай-күйіне байланысты жүргізіледі. Кейбір станция ғимараттары түгел бұзылып, орнына жаңасы салынып жатыр. Бүгінгі таңда барлық станцияның инжеренлік коммуникация жүйесі жаңартылды. Бейнебақылау камералары мен ауа баптағыш орнатылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал