Пәкістанда полиция бөлімшесіне жасалған шабуылдан ондаған адам мерт болды. Венесуэлада жойқын жер сілкінісі құрбандарының саны 6 мыңнан асты. Ал Еуропа орман өртінен миллиардтаған еуро шығынға батты.
Пәкістанның полиция бөлімшесінде болған жарылыстан 17 адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды. Оқыс оқиға Кабал қаласында болды. Шабуылды Пәкістанның қарулы тәліптері жасағанын мойындады. Елдің премьер-министр Шахбаз Шариф терактіні айыптап, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.
Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 6 125 адамға жетті. Бұл туралы елдің Ұлттық ассамблеясының спикері Хорхе Родригес мәлімдеді. Соңғы мәліметке сәйкес, тағы 579 адамның қаза болғаны расталды. Сонымен қатар 60 мыңнан астам зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілген. Іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Еуроодақтың ең көп зардап шеккен бес елінде биылғы орман өртінен келген шығын 3,1 миллиард еуродан асты. Қызыл жалын Франция, Испания, Португалия, Грекия және Румынияда жарты миллион гектарға жуық аумақты шарпыған. Сарапшылардың айтуынша, шығын көлемі әлі де артуы мүмкін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.