Жалпы қазақстандық өнім экспортының географиясын кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 37% өсіп, 7 млрд долларға жетті. Оның жартысынан астамы – қайта өңделген өнім. 2024-2025 жылдары астық экспорты 15,3 млн тоннаға жетті. Мамандардың айтуынша, бұл – рекордтық көрсеткіш. Экспортты ынталандыру шараларының арқасында қазақстандық өнім Марокко, Алжир, БАӘ, Вьетнам және бірқатар еуропа елінің нарығына шықты. Сондай-ақ Әзербайжан, Грузия және Түркияға жеткізілім қалпына келтірілді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.