«Жетінші арнаның» тікелей эфирінде Құрылтай сайлауына қатысатын жеті партия өкілі жеребе тартады. Дәл осы жеребе ертеңгі пікірсайыста кімнің қай ретпен сөз сөйлейтінін анықтайды. Жеребе тарту рәсімін сағат 19:30-да арнамыздың тікелей эфирінен және әлеуметтік желідегі ресми парақшаларымыздан көре аласыздар. Ал ертең, 5 тамызда, сағат 20:26-да жеті партия өкілі білім тақырыбында пікірсайысқа түседі. Олар білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, партияларының нақты ұсыныстарын ортаға салады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.