Алматыда жастар күніне орай Alma Love фестивалі өтіп жатыр. Бұл – 10 күн бойы 10 бағыт бойынша өтетін спорттық, экологиялық және мәдени жоба. Басты мақсат – жастардың туған қаласына деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндеу. Осылайша «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында еріктілер қала аулаларын тазалап, абаттандырады. Жастар тұрғындарды да акцияға қатысуға шақырды. Шараға 600-ге жуық қала тұрғыны тартылды. Ең белсенді азаматтарға 12 тамызда өтетін гала-концерттің фан-аймағына билет беріледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.