«ҚЫЗҚҰМАР» ҚАМАЛДЫ
Жағалауда қыздарға қырғидай тиіп, қорқытқан ер адам жазаға тартылды. Полиция оны тұтқынға алып, 30 тәулікке қамап қойды. Оқиға Ақтау қаласында болған. Агрессор кінәсін толық мойындап, ендігәрі ешбір қызға саусағының ұшын да тигізбейтінін айтты.
НҰРАЙ СЕРІКБАЙ ІСІ
Қыз баланың соңынан қалмай, пышақтап өлтірді деген айыпталушыны жақтаушы азайып барады. Адвокаты оны қорғаудан бас тартқан болатын. Енді күдікті кімнен көмек сұрайды? Шымкентте Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.
ТЫНЫСЫ ТАРЫЛДЫ
Бескөл ауылының азаматтары құс фабрикасынан тарайтын жағымсыз иіске шағымданды. Елді мекен Петропавлдан 10 шақырымдай жерде орналасқан. Жергілікті жұрттың айтуынша, биыл аптап ыстықтан қолқаны қабатын сасық иіс тіпті күшейіп кеткен. Тынысы тарылған тұрғындар мәселені шешіп беруді сұрайды.
САҚТЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ
Ақмола облысының мамандары терезеден төнген қауіппен бірлесіп күресіп жатыр. Әйтпесе жаз шыққалы 12 бала биіктен құлап, біреуі көз жұмған. Қауіп-қатердің алдын алу мақсатында өңірде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Ата-аналарға қорғану амалдары айтылды.
ЭКСПОРТ ӘЛЕУЕТІ
Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 37%-ға өсіп, 7 млрд долларға жетті. Астық экспорты да артып келеді. Былтыр 15,3 млн тоннаға жетті. Мамандардың айтуынша, бұл – рекордтық көрсеткіш. Отандық өнімнің өрісі кеңейіп, Еуропаға асырылып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.