Өскеменде дауылдың салдарынан 25 мың тұрғын жарықсыз қалды

Өскеменде секундына 28 метр жылдамдықпен жел соғып, бұршақ жауды. Салдарынан 25 мың тұрғын жарықсыз қалды. Қазір мамандар дауылдың салдарын жойып жатыр. Соңғы бір тәулікте көшелерден 1500 текше метр су сорылды. Жолдар ағаш сынығынан тазартылуда. Ал энергетиктер үзілген электр сымдарын жалғап жатыр
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал