Атырауда 12 жасар қыз балаға күш қолданған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалып, күдікті іздеуге жарияланды. Оқиға Еркінқала ауылдық округінде болған. Жасөспірім ойын алаңынан үйіне бара жатқанда белгісіз ер адам ұстап алған. Оның бұл әрекеті тұрғын үйлердің бірінің бейнебақылау камерасына түскен. Кейін күдікті ізін суытқан. Бүгін қыз баланың ата-анасы журналистерге сұхбат беріп, оқиғаның мән-жайын түсіндірді.
АЗАМАТ КАМИЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Қызымды мына жерге сүйрейді. Сүйрегеннен кейін қызым: «Аға, тиіспеңізші, маған тиіспеңізші, өтінем», — дейді. «Онда маған арақ алып бересің», — дейді. «Арақ алып беремін, тиіспеңізші», — дейді. Көшенің басына бара бергенде: «Ерніңнен сүйемін», — дейді. Қызымның айтуы бойынша, қара торы келген жігіт. «Ернімнен сүйейін деп келе жатқанда, шашынан тарттым. Қолын жібергенде, айналып қашып кеттім», — дейді. Сол кезде мен қаладан келе жаттым. Жолдасым осы жерге келген. 102-ге хабарластық.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.