Белгілі блогер Қайсар Камза Қазақстанға қайтарылды. Оны құзырлы орган өкілдері Вьетнамның Камрани әуежайы арқылы экстрадициялады. Әлеуметтік желілерде осындай ақпарат тарап, блогердің әуежайда кетіп бара жатқан суреті жарияланды. Бірақ бұл мәліметті Қаржылық мониторинг агенттігі әзірге ресми түрде растаған жоқ.
Еске сала кетейік, 13 сәуірде еліміздің Ішкі істер министрлігі халықаралық іздеуде болған миллиондаған оқырманы бар блогер Қайсар Камзаның Вьетнамда ұсталғанын хабарлаған болатын. Оған заңсыз жарнама жүргізіп, онлайн-казиноны насихаттады деген айып тағылған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.