Әлеуметтік осал топтағы адамдарды алдаған қылмыстық топқа үкім шықты

Ақмола облысында сұмдық оқиғаны бастан өткергендердің саны 300-ге жуықтайды. Олардың барлығы Көкшетау қаласында қаралған атышулы қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде танылды.
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сот алында жауап берді. Олар Алматы, Астана, Шымкент және Көкшетауда бірнеше жыл бойы әрекет еткен. Адамдарға жоғары жалақы мен жайлы өмірді уәде етіп, тамақтандырып, киіндіріп, сенімге кіреді. Кейін жеке деректерін заңсыз пайдаланып, несие рәсімдеген. Ақмола облысының бір топ тұрғыны прокуратураға шағымданғаннан кейін мәселе қарала бастаған. Тергеу барысында 500 беттен тұратын айыптау актісі әзірленіп, қылмыстық іс 250 томға жетті. Сот үкімін жариялаудың өзіне үш күн қажет болған. Күдікті ретінде 21 адам қолға түсіп, кінәсі дәлелденді. Бір әйел 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Айыпталушылардың енді бірі сот залында тұтқындалды.
ДИНА МЕЙІРБЕКОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРА БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
— Қылмыстық топ мүшелерінің үшеуі – бұрынғы банк қызметкері. Олар бес жыл бойы әлеуметтік осал топтағы, сауаты төмен және тұрғылықты жері жоқ адамдардың атына несие рәсімдеген. Салдарынан екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарына шамамен 2 миллиард теңге көлемінде материалдық залал келтірілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал