Полигондағы өрттің салдарынан Оралда ауа сапасы нашарлады

Оралда ауа сапасы күрт нашарлады. Оған қала шетіндегі тұрмыстық қалдық полигонында бір аптадан бері сөнбей жатқан өрт себеп. Экологтар ауа құрамынан адам денсаулығына қауіпті заттардың мөлшері тиісті нормадан асып кеткенін анықтады. Зерттеу қорытындысы бойынша, ауада көміртек тотығы, күкірт, азот диоксиді мен күкіртсутектің мөлшері қалыпты деңгейден жоғары. Мамандар әсіресе күкіртсутек адам ағзасына аса қауіпті екенін айтады. Ол тыныс алу жолдары мен жүйке жүйесіне кері әсер етіп, улануға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты санитарлық дәрігерлер полигон маңындағы тұрғындарға терезелерді жауып, салқындатқыш құрылғыларды қоспауға және далада ұзақ жүрмеуге шақырады.
ГАУХАР ДҮЙСЕҒАЛИЕВА, СЭБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Тұрғын үй аумақтарында атмосфералық ауаның сапасына зерттеулер жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Деркөл ауылында көміртек тотығы мен күкіртсутектің мөлшері шекті рұқсат етілген деңгейден жоғары екені анықталды. Қазір бұл мәселені тұрақты бақылауға алдық. Алдағы уақытта да тұрғын үй аумақтарында желдің басым бағытын ескере отырып, атмосфералық ауаға қосымша зертханалық зерттеулер жүргізіледі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал