Үкімет Солтүстік Қазақастан облысы ауылдарын сумен қамтуға 2,7 млрд теңге бөлді. Қайтарылған активтер есебінен қарастырылған қаражатқа Преснов және Соколов топтық су құбырларын реконструкциялау жұмыстары аяқталады. Жоба аясында 4 мыңнан астам тұрғынды сапалы ауызсумен қамту көзделген. Сондай-ақ 59 шақырым тарату және 77 шақырым ауылішілік су желісі салынады.
ЖАНДОС СӘЛІМОВ, СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
— Преснов топтық су құбырын реконструкциялау жобасы Есіл, Мамлют және Жамбыл аудандарындағы 43 елді мекенді қамтиды. Бұл ауылдарда жалпы саны 34,5 мың адам тұрады, қазіргі уақытта 171 шақырым магистральдық су құбыры мен тармақтары, сондай-ақ 46 шақырым тарату желісі тартылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.