Жезқазғанда қоғам мен билік арасындағы байланысты күшейту жолдары талқыланды. «Sarap» сарапшылық клубының отырысына саяси партия өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, ғалымдар мен қоғам белсенділері қатысты. Кездесуде саяси партиялар мен азаматтық қоғам институттарының өзара ықпалдастығы, қоғамдық диалогты дамыту және азаматтардың белсенділігін арттыру мәселелері сөз болды. Сонымен қатар сайлаушылардың таңдауы және халықтың саяси институттарға деген сенімі жөніндегі әлеуметтік зерттеу нәтижелері таныстырылды. Сарапшылардың айтуынша, мұндай басқосулар пікір алмасумен ғана шектелмейді. Онда айтылған ұсыныстар алдағы уақытта қоғамдық-саяси диалогты жетілдіруге негіз болуы мүмкін.
АЛТЫНАЙ НҰРКЕЕВА, «ZERTTEU RESEARCH INSTITUTE» ҚҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Белсенді азаматтар ҮЕҰ тікелей осы жерде жұмыс істейді. Тікелей проблемаларды біледі. Тіпті олар проблемаларды статистикадан бұрын да жақсы біледі. Сондықтан менің ойымша тек электоралды науқанда ғана емес, жалпы одан кейін қоғамдық моииторинг жүргізу кезінде, қоғамдық бақылау жүргізу кезінде міндетті түрде ҮЕҰ тарту керек.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.