Арнайы операциялар күштерінің сарбаздары үшін міндетті саналатын Nomad курсы басталды. Қонаев гарнизонында өткен салтанатты ашылу рәсіміне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы Қаныш Әбубәкіров қатысты. Ол оқу базасын аралап, оқу сыныптары, спорт залы мен Қапшағай су қоймасындағы су даярлығы өтетін нысандардың дайындығын тексерді. Бас штаб бастығының айтуынша, бұл курс кез келген жағдайда жауынгерлік тапсырманы орындай алатын әмбебап мамандарды даярлауға арналған. Бағдарлама екі кезеңнен тұрады: алдымен әскери қызметшілер іріктеуден өтіп, атыс, су даярлығы мен әскери топографияны меңгереді. Кейін алған білімдерін шынайы ұрыс жағдайына барынша жақын ортада пысықтап, тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларға қатысады. Жалпы оқу мерзімі – 8 жарым ай. Сабақтар Қонаевтағы әскери бөлім мен Қапшағай су қоймасындағы арнайы оқу нысандарында өтеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.