Ақтауда жасөспірімдер 14 жастағы оқушыны соққыға жыққан | 06.08.2026

ОҚУШЫНЫ САБАДЫ
Ақтауда жасөспірімдер 14 жасар баланы аяусыз соққыға жықты. Әрі бұл әрекеттерін бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Зардап шеккен оқушы ауруханаға түсті. Енді қатігездік жасаған жас буын жауапқа тартылады.

ҚЫЗҒА ҚОЛ ЖҮГІРТКЕН
Атырау облысында ер адам іздеуге жарияланды. Ол Еркінқала ауылында 12 жасар қыз балаға қол жүгірткен көрінеді. Осыдан кейін күдікті ізін суытқан. Жасөспірімнің көшеде жүруі неге қауіпті болып барады?

БЛОГЕР ЭКСТРАДИЦИЯЛАНДЫ
Халықаралық іздеуге жарияланған блогер Қайсар Хамза елге жеткізілді. Оны құзырлы орган өкілдері Вьетнамның Камрани әуежайынан экстрадициялады. Айта кетейік, оған заңсыз жарнама жүргізіп, онлайн-казиноны насихаттады деген айып тағылған.

ҚАЗАҚСТАН КӨШ БАСТАДЫ
Қазақстан әл-ауқат индексінде көш бастады. Әлемдік рейтингте еліміз 66-орынға тұрақтаған. Бұл – Орталық Азия елдері арасында алғашқы саты. Мысалы, Қырғызстан – 87, Өзбекстан – 94, Түрікменстан – 150-орында.

NOMAD КУРСЫ
Арнайы операциялар күштерінің сарбаздары үшін міндетті саналатын Nomad курсы басталды. Қонаев горнизонында өтетін бұл курста кез келген жағдайда жауынгерлік тапсырманы орындай алатын әмбебап мамандар даярланады.
———————————————