Астанада екі ер адам шалшық суға шомылып, ішімдік ішкен

Астанада екі ер адам жаңбырдан жиналған шалшықта «шомылып», абақтыдан бір-ақ шықты. 35 және 37 жастағы азаматтар тұрғын үй кешенінің ауласындағы үлкен шалшыққа жатып алып, ішімдік ішкен. Онымен қоймай, аяқтарымен суды балаларға қарай шашқан. Екеуінің бұл қылығы видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Роликке «Несие, ипотека және жалдамалы пәтерсіз өмір» деген әзіл жазылған. Полиция оларды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ұстады. Сот шешімімен біреуі жеті тәулікке, екіншісі бір айға жуық уақытқа әкімшілік қамауға алынды.
ДАМИР ӘМРЕНОВ, ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін екі азамат та әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сот шешімімен Алексей Свиридовқа 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Ал Владимир Логвин 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Полиция қоғамдық орындарда мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал