«72 рет пышақ тығар едім»: пікір иесі жауапкершілікке тартылды

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты әлеуметтік желіде жазылған пікір иесі жауапкершілікке тартылды. Түркістан қаласының тұрғыны TikTok желісіндегі видеолардың бірінің астына «72 рет пышақ тығар едім» деген пікір қалдырған. Бұл жазба көпшіліктің наразылығын тудырып, марқұмның жақындары полицияға шағымданған. Пікір иесі анықталып, оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Енді оның әрекетіне сот құқықтық баға береді. Ал ол бұл сөзді марқұмға емес, күдікті Шерхан Аймаханға қарата жазғанын айтып ақталған. Десе де адвокаттың айтуынша, бұл бірінші жағдай емес. Бұған дейін марқұмның ар-намысына тиетін жазба жариялаған үш адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазір тағы екі әлеуметтік желі қолданушысын полиция іздестіріп жатыр.
АЯНХАН ОМАРОВ, АДВОКАТ:
— 10 сағатқа жетпей аталған құқықбұзушы ұсталды және оған сол жерде ӘҚК 462-2 бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Яғни ол жерде «құқыққа қарсы контентті жаряилағаны үшін». Алайда тура дәл сол желі қолданушысы осы іске қатысты сотталушының сөзін растап, соның сөзін қостаған мағынадағы өзге де коментарийлер қалдырған екен. Сол бойынша мен тағы да полиция депаратментіне арыздандым.

СҰЛТАН СЕРІКБАЙ, НҰРАЙ СЕРІКБАЙДЫҢ АҒАСЫ:
— Біз ешқашан қылмысты жарнамаламауымыз керек. Ол кісі өтініп кешірім сұрады. Біз кешірім бердік. Дегенмен құқық қорғау органдары өз жұмысын атқару үшін протокол толтырды. Нұрайдың атына кір келтірмеуге тырысамыз. Біз тоқтатпасақ, ешкім тоқтатпайды. Бәріне қақпақ бола алмаймыз, бірақ осындай адамдарды көрсе, басқалары сабақ алады деп ойлаймыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал