Алматыда экология және инклюзияға арналған «InEco Fest» фестивалі өтті

Алматыда экология және инклюзияға арналған үшінші «InEco Fest» фестивалі өтті. Биылғы басты тақырып – су және оның болашақтағы маңызы. Шарапаты мол шарада 11 тақырыптық алаң жұмыс істеді. Келушілер шеберлік сабақтарына қатысып, ғылыми тәжірибелерін ұсынып, шығармашылық және отбасылық іс-шараларға қатысты. Балалар мен ерекше қажеттілігі бар жандарға мұнда теңдей мүмкіндік жасалған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, экология мен инклюзия – бір-бірімен тығыз байланысты ұғым. Сондықтан фестивальдің басты мақсаты – табиғатқа жауапкершілікті арттырып, әр адамға қолжетімді орта қалыптастыру.
ЗАХИРА БЕҒАЛИЕВА, «ITEACHME» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Біз экожүйе жайлы көбірек айтқан кезде ол туралы үйлесімді көзқарас қалыптаса бастайды. Сондықтан осы фестивальдің ботаникалық бақта өтуі кездейсоқ емес. Себебі мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді жағдай жасалған. Біздің де негізгі мақсатымыз – әр адам өзін жайлы әрі еркін сезінетін қоғам қалыптастыру.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал