Астанада пара жүзуден балалар арасында жарыс өтіп жатыр

Астанада пара жүзуден балалар арасында жарыс өтіп жатыр. Шараға тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті бұзылған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар 7-14 жас аралығындағы балалар қатысуда. «Мұндай ауқымды республикалық турнир алғаш рет ұйымдастырылып отыр», — дейді мамандар. 100-ден астам бала екі күннен бері еркін стиль, брасс, баттерфляй және шалқалап жүзу бойынша бақ сынауда.
АДЕЛЯ ҚАЛИЕВА, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ:
— Жүзу маған өте қатты ұнайды. Өзім 8 жылдан бері айналысып келемін. Спорт маған тек күш бермейді. Ол маған өмірдегі сынақтарға сынып кетпеуді үйретеді және әр қателікті жақсы қабылдай білуге үйретеді.

ЕЛЕНА БАЙДЕЛЬДИНОВА, «ҚАЗАҚСТАН ПАРАЖҮЗУ ФЕДЕРАЦИЯСЫ» РҚБ БАС ХАТШЫСЫ:
— Осындай жарыстар балаларға үлкен мотивация береді. Олар өздерінің елеусіз қалмайтынын, осындай додаларға қатыса алатынын көреді. Болашақта жастар құрамасына іріктелуге мүмкіндік алады. Яғни бұлар – келешектегі әлеуетті Паралимпиада чемпиондары.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал