Атырауда балабақша тәрбиешісі 1,5 жастағы баланы ұрып-соққан | 07.08.2026

«ТӘРТІПСІЗ ТӘРБИЕШІ»
Атырауда балабақша тәрбиешісі 1,5 жасар сәбиді ұрып-соқты деген күдікке ілінді. Тіпті тұншықтырған да болуы мүмкін. Бейнебақылау камерасы арқылы байқалған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ШАЛШЫҚҚА ШОМЫЛДЫ
Астанада тұрғын үй ауласында шалшық суға шомылып, көпшіліктің көзінше ішімдік ішкен екі ер адам қамауға алынды. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Полиция оларды іздеп тауып, «қоғамдық тәртіпті бұзды» деген айып тақты.

АҢДАМАЙ СӨЙЛЕДІ
«Бір елі ауызға — екі елі қақпақ». «Мен 72 рет пышақтар едім». Нұрай Серікбай ісіне қатысты сот процесі бойынша әлеуметтік желіде осылай пікір жазған тұрғын жауапқа тартылды. Ол аңдамай сөйлегенін мойындап, кешірім сұрады.

КОНДИЦИОНЕР КЕСІРІ
Кондиционердің бөлігі адам басына құлаған тұрғын үйге жауапты мүлік иелері бірлестігінің төрағасы сотталуы мүмкін. Оқиға құрбаны болған фельдшер Ұлдана Мырзуанның ісіне қатысты тың дерек шықты.

ПАРАЖҮЗУДЕН ЖАРЫС
Елордада ерекше балалар суға жүзіп жарысты. Тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті бұзылған, зияткерлік даму ерекшеліктері бар балалар мен жасөспірімдер арасында өткен пара жүзуден республикалық турнир аяқталды.
———————————————